Текст
«Бұрымды қыз» сайысы
8- наурыз халықаралық әйелдер күніне арналған мерекеге аналарын қатыстыра отырып 1-4 сыныптар аралығында «Бұрымды қыз» сайысы өтті. Сайыс бастауыш сынып мұғалімдерінің ұйымдастырумен қызықты болды.Сайыста өзін-өзі таныстыру,сұрақ-жауап,өнері мен салт-дәстүр көрсету бөлімдерінен тұрды.Әр бөлімнің арасында сынып оқушылары би билеп, ән салып ,аналарына арнап қолдан жасаған сыйлықтарын беріп қуантты.Сайысқа қатысқан қыздар «өнерлі» , «әнші» , «сымбатты», «сүйкімді» номинациялармен марапатталды.