Текст
Қарашаның 17 ші жұлдызы Алтын Ұя мектебіміздің 100-жылдық мерей тойын аттап өттік. Осы айтулы мерекені өткізу үшін, жан-жақтағы мектеп түлектері, әр кезде мектепті басқарған басшылар, ауыл ақсақалдары және әр кезде елге демеушілік танытатын ағаларымыз шақырылды. Ардагер ұстаздарда бұл кештің қонақтары болды. Мектеп рух пен білімнің ордасы. Адамдарды бақытты болуға баулитын киелі мекен. Сол себепті осындай кештер мерекелік іс шаралардың тәрбиелік маңызы зор.