Текст
27.04.2017 ж. Щучинск қаласының № 6 мектебінің базасында өткен аудандық оқушылардың ғылыми-практикалық конференциясына мектебімізден бес оқушы өз жұмыстарын ұсынды. Конференция қорытындысы бойынша 9-сынып оқушысы Әбжанов Әміржан ІІ орын, 3-сынып оқушысы Серік Әлібек ІІ орын, 6-сынып оқушысы Өмірзақова Саягүл ІІІ орын және 9-сынып оқушысы Әскерова Гүлнұр, 8-сынып оқушысы Сапатаев Саябек белсене қатысқаны үшін мадақтамамен марапатталды.