"Ақмола облысының білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Мәдениет ауылының Есмағамбет Исмаилов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа имени Есмаганбета Исмаилова села Мадениет отдела образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Ауғанстан ардагерлеріне тағзым!» атты ауғанстан ардагерлерімен кездесу кеші

19.02.2018

    Е.Исмаилов атындағы Мәдениет орта мектебі

«Ауғанстан ардагерлеріне тағзым!» атты

ауғанстан ардагерлерімен  

кездесу  кеші

09.02.2018 ж  күні «Болашаққа бағдар: рухани жанғыру»

бағдарламасы негізінде «Ауғанстан ардагерлеріне тағзым!» атты тақырыбында

ауғанстан ардагерлерімен кездесу кеші өтті. Бұл кешке тоғыз ауғанстан

ардагерлері мен екі  Тажік  жерінде Отан алдындағы борышын өтеген

ардагерлер қонаққа келді.Кейбір ардагерлердің аналары және туған-туыстары

болды.Еліміздің ер жігіті қазіргі кезде «Бурабай » газетінің директоры Ракишев

Болат Сабырұлы және ұлағатты ұстаз Бағила Батырғалиқызы  алтын уақыттарын бөліп, қадірменді қонақтарымыздың

бірі болды. Бағила Батырғалиқызы өзінің жүрегінен шыққан өлең жолдарын

ардагерлерге оқып беріп ,айтылған жақсы сөздерімен халық көңілінен шыға білді.

Болат Сабырұлы өз тілегінде ардагер інілеріне өздері туралы естеліктерін айтып

мәз қылды.Кешіміз бірнеше бөлімнен ұйымдастырылды.Ардагерлер мектеп мұражайына,

«Арай» шағын орталығына саяхат жасады.Мектеп бітірген түлегіміз Хамзин Біржан

өз тобымен сазды бағдарлама қойды.Сазды бағдарламаны бастауыш сынып оқушылары

еліміз,жеріміз және ардагерлер жайындағы литмонтаж арқылы ашты.Дене шынықтыру

пәнінің оқытушысы Абишев Нұрсұлтан Жангелдіұлы күрес сайысын өткізіп,

ардагерлерді әділқазылар алқасы болып қатыстырды. Сұхбаттасу үшін өтілген

дөңгелек столда оқушылар өздерін қызықтыратын сұрақтар қойды және аға тәлімгер  Казакенов Мирлан Есенкелдіұлы естелік

бейнефильмдер қойды. Барлық ардагерлер өз ойларын айтып кешімізді одан сайын

қызықты етті.Аналары мен туысқандары әскерге шығарып салған немесе қарсы алған

кездерін,Отан алдындағы міндеттерін өтеу кезіндегі уақыттарын ашық айтып

ойларын ортаға салды. Өткізген кешіміз 

есте қаларлықтай  болды. Мектеп

мұражайына ардагерлер өздері жайлы деректер 

әкелетіндерін уәде етті. Осындай кешті ұйымдастырған мектеп директоры

Қалиева Дина Қамидоллақызына ,мектеп ұжымына алғыстарын білдіріп қош айтысты.

Просмотров: 598

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст