13.03.2023
        Бірінші  сынып  оқушылырының  құжаттарын қабылдау 1  сәуірде басталып, 1  тамызға дейін жалғасады. Бұл -  білім беру процесіне  қатысушыларға ыңғайлы болу үшін қабылданған шешім.
	- Ата - аналар мектепті алдын –ала   анықтап, оқуға   қажетті  құжаттарды уақытылы тапсырады, сондай- ақ  балаларды оқу құралдарымен  қамтамасыз  етеді.
 
 
	- Мектеп  басшылығы сыныптарды жинақтап, қажетті оқулықтарды алдын  ала  сатып  алады. Сонымен  қатар  педагогтер   құрамын анықтап, сағат  санын   бөледі.
 
 
Өтінішті egov.kz арқылыберугеболады. Қажетті құжаттар тізімі:
	- Ата - аналардың өтініші (немесе оларды алмастыратын тұлғалар);
 
	- Баланың  туу туралы куәлігінің көшірмесі;
 
	- «Бала денсаулығы  паспорты» 026/у -3 нысаны бойынша денсалық жағдайы туралы құжат;
 
	- 063/ у нысаны бойынша денсаулық  жағдайы туралы құжат;
 
	- 3*4  көлеміндегі 2  фото
 
 
! Өтініш бір жұмыс күні ішінде қарастырылады.