"БАЛА БОЙЫ УЛАНБАСЫН" тақырыбында, оқушылармен ашық әңгіме жүргізілді. Ішімдік, темекі, электронды темекі, есірткіге мүлдем жол жоқ.
Мектебіміздің медбикесі Каркенова Самал Амирхановна баяндама оқып оқушылармен түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
❌🚫 Біз тек салауатты өмір салтын ұстанамыз.
Зиянды әдеттер — біз ойланбастан автоматты түрде істейтін дағдылар.
Зиянды әдеттер бүкіл бітімімізді сүйкімсіз қылып көрсетіп қана қоймай, денсаулығымызға да белгілі бір дәрежеде кері әсерін тигізіп жатады.
Салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін зиянды әдеттерден бас тарту қажет. Зиянды әдеттерге темекі, алкоголь (ішімдік), есірткі және уытты заттар жатады. Бұл заттарды ұзақ уақыт, ал кейде тіпті аз ғана уақыт пайдаланғанда организмде психикалық және тәндік тәуелділік дамиды. Зиянды заттарға әуестенудің барлық түрі ақырында ауыр науқасқа шалдықтырады.
Тәлімгер : Абишева Гулниса.