Текст
05.09.2025
Бүгін мектебімізде “Парасат” ӘБ ұйымдастыруымен дәстүрлі “Тілім барда мен бармын” атты онкүндіктің ашылу салтанаты өтті.
Бұл шараның басты мақсаты – мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, ұлттың рухани қазынасы саналатын ана тіліміздің қадір-қасиетін жас ұрпаққа ұғындыру, олардың тілге деген сүйіспеншілігін арттыру.
Онкүндіктің ерекшелігі – әрбір іс-шара тек ресми форматта емес, шығармашылық пен ұлттық рухты тоғыстыра отырып ұйымдастырылады. Ашылу рәсімінде оқушылар әсерлі жыр жолдарын оқып, халық әндерін орындап, көріністер арқылы тілдің ұлт өміріндегі маңызын айшықтап көрсетті.