Текст
Мектебімізде 11-сынып түлектеріне аттестат тапсыру салтанатты рәсімі өтті. 6 түлекке аттестат берілді, оның ішінде "Алтын белгі" иегерлері Казбекова Айым мен Марат Жанел, үздік аттестат иегері Демкеш Аружан.
Бұл – түлектер үшін үлкен өмірге бастар алғашқы маңызды қадам, қимастық пен үмітке толы сәт.
Салтанатты жиында мектеп әкімшілігі, ұстаздар мен ата-аналар түлектерге жүрекжарды тілектерін білдіріп, алдағы өмір жолына сәттілік тіледі.
Оқушыларға аттестаттар табысталып, мектеппен қоштасу сәті ерекше әсерге бөленді.
Құрметті түлектер, болашақтарыңыз жарқын, жолдарыңыз ашық болсын!