Текст
Бүгін, сағат 11.00-де мектебіміздің қабырғасында 9-сынып оқушыларына аттестат тапсыру салтанаты өтті. 9 түлекке аттестат берілді, оның ішінде "Үздік аттестат" иегері Қайыргелді Жанерке.
Бұл ерекше сәт – шәкірттеріміздің алғашқы маңызды белесі, білім жолындағы үлкен қадамдарының бастауы.
Салтанатты жиынға ата-аналар, ұстаздар, мектеп әкімшілігі қатысып, түлектерге жүрекжарды тілектерін білдірді.
Оқушылар аттестаттарын алып, ұстаздарына алғыс айтып, естелікке суретке түсті.
Түлектерге жарқын болашақ, сәтті таңдау тілейміз!