Текст
Мектебімізде “Сыңғырла, соңғы қоңырау!” атты мерекелік іс-шара өтті. Іс-шараға 10, 20, 30, 50 жыл бұрын мектепті аяқтаған түлектер төрден орын алды.
Мерекелік шара барысында:
11-сынып түлектері соңғы қоңырау сәтінде ұстаздарына, ата-аналарына алғыс білдіріп, жүрекжарды тілектерін жеткізді,
Қонақ ретінде шақырылған түлектер өз естеліктерімен бөлісіп, жастарға ақ тілектерін айтты,
Мектеп әкімшілігі мен ұстаздар қауымы биылғы түлектерге сәт-сапар тілеп, өмір жолында табыс тіледі.
Бұл күн – мектеп тарихындағы тағы бір жарқын бет, жас түлектер үшін үлкен өмірге алғашқы қадам болып есте қалды.
Сыңғырлаған соңғы қоңырау – балалық шақпен қоштасудың, жаңа үміт пен арманның бастауы!