15.05.2025
Бурабай ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің инженері, азаматтық қорғау аға лейтенантының қатысуымен жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы өтті.
Жиынның тақырыбы — «Бала қауіпсіздігі».
Іс-шара барысында оқушылардың күнделікті өмірдегі, мектептегі және көшедегі қауіпсіздік ережелері түсіндіріліп, ата-аналарға баланың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңыздылығы айтылды.
Маман нақты мысалдар келтіре отырып, төтенше жағдайлар кезіндегі дұрыс әрекеттер туралы ақпарат берді.
Жиын мазмұнды өтті, ата-аналар тарапынан сұрақтар қойылып, пікір алмасу болды.