12.05.2025
Түлектердің ағаш егу дәстүрі – мәңгілік естелік
Жыл сайын мектеп бітіруші түлектердің ағаш егуі – игі дәстүрге айналған. Бұл – тек табиғатқа қамқорлық емес, өз мектебіне қалдырған ізі, естелігі, аманаты.
Әр отырғызылған ағаш – бір түлектің жүрек жылуы, мектепке деген алғысы мен құрметінің белгісі. Жасыл желек жылдар өтсе де сол буынның атын еске салып тұрады.

Ағаш егу – өмірге үміт, болашаққа сенім ұялату.
Бұл дәстүр арқылы түлектер тек білім алып қана қоймай, табиғатқа жанашыр азамат болып өсіп келе жатқанын дәлелдейді.
Түлектерге сәттілік, егілген ағаштарың мәуелі болсын!