Текст
Биыл адамзат тарихындағы ең қасіретті әрі қаһармандықпен жазылған Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталғанына 80 жыл толып отыр. Бұл — халқымыздың ерлігі мен елдігін, батырлығы мен бірлігін әлемге танытқан тарихи белес.
1941–1945 жылдар аралығында еліміздің мыңдаған азаматтары майданға аттанып, Отан үшін жанын қиды. Тылда қалған ата-әжелеріміз, аналарымыз күн-түн демей еңбек етіп, жеңісті жақындатуға бар күштерін салды.
Бүгінгі бейбіт өмір — сол ұлы ерліктің жемісі. Мәңгілік алау сөнбейді, Батырлар есімі өлмейді.
Ұлы Жеңістің 80 жылдығы — жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру, ерлікке тағзым ету және тарихты ұмытпау үшін үлкен мүмкіндік.