Текст
Мектебімізде жасөспірім қыздар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу шараларын ұйымдастыру, отбасылық тәрбиенің жақсы жақтарын насихаттау мақсатында "Асыл әжелер" кеңесі жұмысының кезекті отырысы өтті. Ұлттық құндылығымызды, салт-дәстүрімізді сақтап, насихаттауда әжеміз Ғазезова Күлішкен 6-10 сыныптың қыз балаларына алаша тоқудың қыр-сырын көрнекі түрде көрсетті. Кеңес төрайымы Айнагүл Ермағанқызы ІІ-жартыжылдықта өтетін іс-шаралар жоспарымен таныстырды.