Текст
02.02.2024 жылы "Мәдениет ауылының Е.Исмаилов атындағы ЖОББ мектебі" КММ — де тамақ дайындау сапасын бақылау, тамақ дайындау технологиясын сақтау және мектеп асханасында санитарлық-гигиеналық талаптарды орындау мақсатында, тамақтану сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссиясының мүшесі мектеп медбикесі С.А.Каркенова тағамдардың дайындалу сапасын, тәуліктік сынамалардың болуын тексерді. Тамақ дайындау технологиясы, тоңазытқыш-технологиялық жабдықтың жағдайы, өнімдер мен дайын тағамдарды сақтау мерзімі мен шарттарының сақталуы бақыланды. Тексеру актісі жасалды. Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссиясы тарапынан ескертулер жоқ.