"Ақмола облысының білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Мәдениет ауылының Есмағамбет Исмаилов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа имени Есмаганбета Исмаилова села Мадениет отдела образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

2020 жылғы қаңтар-ақпан айларына "Рухани жаңғыру" бағдарламасы бойынша есеп

«Болашаққа бағдар: Рухани жанғыру» бағдарламасының орындалуына

байланысты көптеген іс-шаралар өтті. «Туған өлкем» тақырыбында шығарма, эссе жазу сайысы, сурет көрмесі, «Құстарға қамқорлық» акциясы, мектеп мұражайына саяхат жасап, құнды қосымша құжаттарды үнемі жинап толықтандырып отырады. Тимуршылар тобы әрқашан қарттарға көмек жасайды. Мектеп ұжымы қамқорлық акциясын өткізіп мұқтаж жандардың алғысына бөленді.

Мектебімізде  Ауған соғысының аяқталғанына 31 жылдығына орай  5-10 сыныптарда  "Ардагерлерімізге мың тағзым" атты  еске алу  сынып сағаттары өтті. Тарих пәнінің жоғары санатты ұстазы Ү.Р. Игубаева Ауған соғысы жайлы бейнероликпен таныстырып, мұражайға саяхат ұйымдастырды. 

Мектебімізде жасөспірім  қыздар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу шараларын ұйымдастыру, отбасылық тәрбиенің жақсы жақтарын  насихаттау мақсатында "Асыл әжелер" кеңесі жұмысының кезекті отырысы өтті. Ұлттық құндылығымызды, салт-дәстүрімізді сақтап, насихаттауда әжеміз Ғазезова Күлішкен 6-10 сыныптың қыз балаларына алаша тоқудың қыр-сырын көрнекі түрде көрсетті. Кеңес төрайымы Айнагүл Ермағанқызы ІІ-жартыжылдықта өтетін іс-шаралар жоспарымен таныстырды. 

«Қазақтың бас ақыны – Абай  Құнанбаев. Онан асқан бұрынғы – соңғы  заманда қазақ баласында біз білетін ақын болған...»-деп жазған Ахмет Байтұрсынов. Мектепте Қазақтың бас ақыны- Абайға арналған «Адамзаттың Абайы» атты әдеби сазды кеш өтті. Ақынға арнап арнайы стенд жасалды.

Тіл мамандары «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» атты апталықтың ашылуын Абай Құнанбаевқа арнады.

«Ақмола жұлдыздары»  көркемөнерпаздар байқауына қатысып алғыс хат, дипломдармен марапатталды.  Байқауда Абай әндері, туған жер туралы әндер шырқалып, көрме ұйымдастырылды.

28.02.20 ж.  күні «Абайды тану-өзіңді тану» тақырыбында кең көлемдегі оқырмандар конференция өтеді. Жақын маңдағы мектептерден, ауыл ішіндегі еңбек ардагерлері, зейнеткер ұстаздар қонаққа шақырылады.

Жаңартылған күні: 27.02.2020 11:34
Құрылған күні: 27.02.2020 11:37

Текст