"Ақмола облысының білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Мәдениет ауылының Есмағамбет Исмаилов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа имени Есмаганбета Исмаилова села Мадениет отдела образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Тіл – рухани қазына» танымдық сайыс

18.09.2025

Бастауыш сынып оқушылары арасында ұйымдастырылған «Тіл – рухани қазына» атты танымдық сайыс ерекше мазмұнмен және заманауи форматпен өтті. Мақсаты – оқушылардың мемлекеттік тілге деген құрметін арттырып, тіл байлығын дамыту және жаңа технологияларды тиімді қолдануға бағыттау.
Сайыс барысында оқушылар өздері жаттаған өлең-жырларын мәнерлеп айтып, көрерменнің қошеметіне бөленді.

Негізгі бөлім 5 кезеңнен тұрды:
1. «Бұлтты сөздер» – берілген сөз бұлтынан белгілі ақын- жазушылардың есімдерін құрау.
2. «Мақалды суретке қарап айт» – жасанды интеллект ұсынған суреттерге сәйкес мақалдарды табу.
3. «Бос орындарды толықтыр»– қазақ тілінің грамматикалық тапсырмалары арқылы оқушы тілдік білімін көрсетті.
4. «Жырдан туған сурет»– өлең жолдарына сай сурет салып, оны қорғау.
5. «AI-викторина»– жасанды интеллект негізінде құрылған викториналық сұрақтарға жауап беру.

Сайыс кезеңдері толықтай жасанды интеллект (ЖИ) көмегімен жасалып, оқушылардың қызығушылығын оятты. Бұл – жаңа технологияның білім беру процесіне тиімді енгізіліп жатқанының айқын дәлелі. Шара соңында оқушылар Suno AI арқылы жасалған «Ана тілі» әнін бірігіп орындап, әсерлі атмосфера сыйлады. Бұл сәт сайыстың мазмұнын байытып, оқушылардың тілге деген сүйіспеншілігін арттыра түсті.Сайыс оқушылардың шығармашылық қабілетін, тілдік қорын, ойлау дағдыларын дамытып, оларды қазақ тіліне деген құрметке тәрбиелеуде үлкен рөл атқарды.

https://www.instagram.com/p/DOvwy0QCKon/

Просмотров: 1092


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст